Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

2018 жылдың 4 қыркүйек күні Пекин қаласындағы Қытайдың Қоғамдық Ғылым Академиясының (ҚҚҒА) бір топ ғалымдары Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы мен Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығына кездесуге келді.

Жапония Ғылым және Технологиялар Агенттігінің (JST) ұйымдастыруымен «Japan-Asia Youth Exchange Program in Science (SAKURA Exchange Program in science)» бағдарламасы бойынша шығыстану факультетінің ұстазы Ахапов Ерлан және бір топ студенттер Жапонияның Цукуба университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

Профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, Қытайдың Орталық Азия Құбыр компаниясының (中亚管道公司) ұсыны бойынша, Қытай Мұнай университетінің (石油大学) Алматыдағы өкілі Маулина Нұрланқызының шақыруымен 2018 жылы 4 тамыз (сенбі) күні сағат 10:00-13:00 аралығында, аталмыш компанияның Алматыдағы кеңсесінің мәжіліс залында арнайы лекция (қытай тілінде) оқыды.

Нәбижан Мұқаметханұлы, ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі мен Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының шақыруымен, 2018 жылдың 22-28 шілде күндері Қытайда ғылыми іс-сапарда болды.

2018 жылдың жазында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Алдабек Н.А. Қытайдың Вухан қаласында
01.06.2018 Хабарландыру
Араб тілін жетілдіргісі келетін барша магистранттар, докторанттар, оқытушылар және өзге де (бакалавр деңгейінен жоғары) талапкерлер назарына!
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы Ахмед бин Мұхаммед әл-Жаруан мырзаның үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында Алматыға жасаған ресми іссапары барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетімен танысудың орайы түсті. Құрметті қонақты факультетінің деканы Ықтияр Палтөре күтіп алып, факультеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қазіргі кезде араб елдерімен қарым-қатынастардың айтарлықтай жоғары деңгейде емес екендігін жеткізді.

ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы 2018 жылдың 10 мамырында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Хамад бин Халифа атындағы университеттің президентінің Ахмад М. Хаснаның басшылығымен университет делегаттамен ресми іс-сапармен келе жатқанын хабарлайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 23 сәуір-4 мамыр аралығында шетелден шақырылған профессор Мутайр Хусейн әл-Маликидің Қазақстан ЖОО магистранттары мен докторанттарына және оқытушыларға арналған «Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері» тақырыбында жүргізген 72 сағаттық лекцияларына толық қатысқандарға арнайы сертификаттар берілді.

25 сәуірде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік күні» өтті.