Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
03.02.2017
«Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұраты мен ұраны
Жаңа оқу жылы басталысымен Қазақ ұлттық университетінің 1934 жылдан бергі тарихында тағы бір маңызды оқиға орын алды. Бұл – университетке кірер аумаққа сән берген, мағына үстеген Түлектердің «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасының ашылуы.
02.02.2017
НТО КАХАК-тың бастауымен "Оңтүстік Корея көші-қон және репатрация" атты семинар өтті
Ақпан айының екісі күні Достық Үйіндегі кинозалда НТО КАХАК-ның бастауымен Кореяның бейбіт және демократиялық бірігу Консультативті кеңесінің Қазақстандағы бөлімімен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның корейтану бөлімімен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимер химиясы және технологимы кафедрасымен бірігіп семинар өткізілді. Семинар Қазақстанда тұратын корей диаспорасын зерттеуге септігін тигізуге бағытталған. Мұның негізгі мақсатына «Қазіргі диаспорология және ұлтаралық келісім мен толеранттылықтағы Қазақстанның тәжірибесі» атты 2015-2016 жылғы ғылыми жоба аясында қойылған міндеттердің жүзеге асуы нәтижесінде жетеді.
13.01.2017
Шығыс тілін оқыту әдістемесі бойынша семинар өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушылары С.К.Боранқұлова мен М.Т.Шадаева факультет оқытушыларына арнап «Шығыс тілін оқыту әдістемесі: жапон тілі негізінде» атты әдістемелік семинар өткізді. Семинарда негізінен сөйлеу дағдысын жетілдіру жайлы тақырып қозғалды. Адамның сөйлеу әрекеті кезінде болатын процестерді қалай есепке ала отырып, шет тілін оқып-үйрету керек деген мәселе жапон тілінің негізінде қарастырылды.
Иран Ислам Республикасының Шахид Бехешти университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірігіп өткізетін «Екі университет арасындағы қос дипломдық бағдарламаны іске асыру жолдары» тақырыбы бойынша on-line конференция.
27.02.2016
Қытайтану студенттері Республикалық пәндік олимпиадада
27.02.2016
Үндістан Республикасының Елшілігі М.К.Гандидің мүсінін және кітаптар қорын тарту етті
27.02.2016
«Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Құрметті әріптестер!
12 СӘУІР, 2016 ЖЫЛЫәл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасындаұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнидың 1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді
23.02.2016
Тілектес Адамбековпен кездесу
23.02.2016
Профессор Алдабек Н.Ә.Шэнжэньдағы халықаралық ғылыми конференцияға қатысуда