9.02.2018 сағат 16:00 – 18:00 Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті және ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен ұйымдастырылған кеш өтті.
Мерекемен құттықтау үшін, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй мырзаға және ҚазҰУ Оқу жұмысы жөніндегі проректор Хикметов Аскар Кусупбекұлы мырзаға сөз берілді.
Құттықтау сөзінен кейін Чунжие мерекесіне арналған концерт қойылды. Концерттік бағдарламаға Алматы қаласының бір неше жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Концертке билер, әндер, қойылым, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнау, сондай-ақ түрлі дәуірлердегі қытай киімдерінің сән көрсетілімдері ұсынылды.
Қытайтану кафедрасының студенттері Чунжие мерекесінің пайда болуы туралы қытайлық халық мифін көрсетті. Студенттер актерлік таланттарды көрсеттіп, көрермендердің көңілін көтерді.
«Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары арасындағы «Көктем мейрамы-Чунжие» мерекесіне арналған кеш жоғары деңгейде өтті.