Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Араб тілі апталығы

05.03.2018

2018 жылдың наурыз  айының 5 жұлдызында  Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Араб тілі апталығы» басталды. Апталықтың алғашқы күні ­­- Мысыр Араб Республикасының  профессоры, доктор Абулфутух Юнус пен  Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің професоры Ахмед Амир, Мысыр мәдени орталығының директоры доктор Хемдан Ибрахим және  кафедра оқытушылар құрамы мен тәлімгерлерінің қатысуымен бағдарлама негізінде екі бөлімнен тұратын ашылу салтанаты өтті:
  1. Іс-шара барысында Нұр-Мүбарак университетінің профессоры Ахмед Амир «Араб отбасының өмір сүру салты» атты баяндама жасады.
  2. Араб әдеби тіліндегі «Кәлила мен Димна» шығармасы желісімен жасалған фильді тамашалады.