14 наурыз күні сағат 10:00-12:00 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Алматы қаласындағы ҚХР-ның Бас Консулы Чжан Вэй мырзаның «Қазақ-қытай қатынасының жаңа форматы» тақырыбында дәрісі өткізілді.
Алғашқы сөз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры Бүркітбаев М.М.-ға берілді. Лекцияға Шығыстану және Халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен оқытушылары, Конфуций Институтының өкілдері қатысты.Чжан Вэй мырза өз лекциясында ҚазҰУ-нің Қазақстандағы сияқты, Орталық Азия мен ТМД аймақтарындағы ЖОО арасында алдыңғы қатарда екенін атап өтті. ҚазҰУ Қытайдың көптеген ЖОО-мен байланыс орнатты және «Бір белдеу, бір жол» атты университеттік ұйым бастамасының маңызды мүшесі болды. Бұдан бөлек, қазақ-қытай қарым-қатынасының даму перспективалары мен жетістіктері, ҚХР-нің қазіргі жағдайы, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері университетті бітіргеннен кейін Қытай тарапынан қандай мүмкіндіктер жол ашатындығы қарастырылды.
Дәріс қонақтары Қытайдың табыстылығының басты сыры мен Қытайдың экономика саласындағы жетістіктері туралы мәлімет алды:
1. Тарихқа, мәдени дәстүрге, құндылықтар мен өзге ұлттық ерекшеліктерге және даму тәжірбиесіне негізделген Қытайлық сипаттамалары бар социализм.
2. Реформа мен ашық саясат арқылы саяси және әлеуметтік тұраұтылыұты сақтау.
3. Экономикалық жүйені және әкімшілік басқару жүйесін реформалауды тереңдету.
4. Ашық саясатты сыртқы әлемге жүргізу және экономикалық жаһанданудың белдһсенді интеграциясын іске асыру.
5. Ұлттық мәдениетте инновацияларды көтермелеу және сыртқы мәдени алмасуды күшейту.
Оң нәтижелермен қоса, Қытайдың ашық саясаты мен реформаларының нәтижесінің теріс жақтары және олардың себептері де қарастырылды.
Дәрісті қорытындылай келе Чжан Вэй мырза ынтымақтастық пен достықтың нығаюына, келешектегі екі елдің өзара қарым-қатынастары Қазақстан жастарының арқасында екендігіне сенім білдірді.
Дәріс соңында Бас консул аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, табыс пен гүлдену тіледі.
ҚазҰУ-нің Бірінші проректоры Чжан Вэй мырзаға танымдық дәрісіне алғыс білдіріп, ҚазҰУ студенттері ғана емес, Қазақстанның барлық жастары қазақ-қытай қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен олардың келешегі туралы хабардар болады деген үмітпен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың алғашқы қадамы екендігіне сенім білдірді.