Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Корей студенттері қысқы демалыстарда Қазақстанның ең үздік университетіне келді!

05.03.2018

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Шығыстану Факультетінің Қиыр Шығыс Кафедрасы 2017-2018 оқу жылында қысқы мектепті ұйымдастырды.

2018 жылдың ақпан айының 3-і мен 18-і аралығында Сангмен Университетінің SangmeungUniversity (Сеул, Корея Республикасы) 11 адамнан тұратын студенттері, сондай-ақ профессор Ким Хан Сик шақыртырылды. Студенттерге «Аймақтану» курсы: Қазақстан құрамдас бөлігі болып табылатын «Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» ұсынылды.

Ким Хан Сик профессор бастаған Корей Тілі және Әдебиеті кафедрасының корей студенттеріне Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның саясат, экономика және мәдениет саласы таныстырылды. Практикалық сабақтар ғана емес, алыстан келген қонақтарымызға қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды: Оңтүстік Кореядан келген қонақтар Алматы тауларының сұлулығын көріп, тарихи орындарға барды, сонымен қатар Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдерімен кездесті. 9 ақпанда Шығыстану факультетінің қабырғасында ҚиырШығыс кафедрасының студенттері мен Сангмен университетінің студенттері арасындағы кездесу өтіліп, студенттер қажет ақпараттар мен білімімен бөлісіп қана қоймай, Корейтану мен корей тілін үйренудегі тәжірибемен бөлісті. Осындай ынтымақтастық арқылы достық қарым-қатынастарды сақтап және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтынығайтамыз деген сенімдеміз.

Корей студенттері өз еліне оралмас бұрын «Орталық Азияның үздік университетінің кампусы, көркем қала, елдің бай тарихы, талғампаз қазақ тағамы және қазақ халқының қонақжайлығы ұмытылмас әсер қалдырды» деді.