Олимпиада нәтижелері бойынша Шығыстану факультетінің студенттері жүлделі орынға ие болды: «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша Жумагалиева Айдана 2 орын, «Аударма ісі» Улан Роза – 2 орын, Дуйсенбек Айнур – 3 орын. «Шетел тілі» категориясында Турарбек Алия 2 орын.
Жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай эквивалентте сыйлықтармен марапатталды. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері кезекті рет корейтану саласында жоғары білім сапасын көрсетіп, Ұлттық Университеттің намысын қорғады. Бұл олимпиадаға қатысқан корейтанушылардың барлығына үлгі болды.