9 сәуір 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасындағы Палестина мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі тарих ғылымдарының докторы, Белорус мемлекеттік университетінің профессоры, Киев мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар саласындағы магистрі Монтасер Абу Зейдпен кездесу өтеді. Доктор Монтасер Абу Зейд шығыстанушы мамандығын меңгеруші студенттерге арнап «Иерусалим және 1947 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі БҰҰ-ның, Бас Ассамблеяның, Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары» тақырыбында лекция оқиды.
Өткізілетін орын: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Қарасай батыр көшесі 95.