Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қытайтану кафедрасының студенттеріне арналған жұмыс берушілердің дәрісі

06.04.2018

6 сәуір 2018 жылы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасында 《枫叶国际级贸易有限公司》халықаралық сауда компаниясының бастауымен кафедра студенттеріне «Жұмыс берушілердің бітірушілерге талаптары, жұмыскер ретіндегі студенттердің міндеттері» атты дәріс жүргізілді. Дәрісті Қытай компаниясының Қазақстандағы өкілі Жарқын Асан өткізді.

Дәріс беруші өзін қысқаша таныстыра отырып, халықаралық қытай сауда компаниясында жұмыс істеген тәжірибесімен бөлісті.

Жарқын Асанның айтуынша, қазіргі таңда қытайтану кафедрасының студенттеріне тек қана тіл біліп, аудармашы болу жеткіліксіз, сонымен қатар олар бүгінгі халықаралық нарықтағы үдерістертерден хабардар болуы қажет және осы білімді бизнес жүргізуде қолданғаны жөн.
Мысалы, Қытайда сүт өнімдеріне тапшылық орнаған кезде, мемлекет басқармасы бұл мәселені ұнтақтандырылған сүттің көмегімен уақытша шешкен болатын. Алайда, көп ұзамай өнімнің сапасыз құрамының кесірінен оларға мәселені шешудің басқа жолдарын іздеуге тура келді. Осылайша, Қазақстанның сүт өнімдері Қытайда үлкен сұранысқа ие бола бастады. Одан басқа, қазіргі таңда Қазақстандағы «жасыл өнімдер де» (экологиялық таза) Қытайдың нарығында жақсы бағаға ие. Қорыта айтқанда, қытай тілін біліп қана қоймай, оның экономикалық, нарықтың ахуал-жағдайынан хабардар болған студент креативті жұмыскер ретінде ғана танылып қоймай, өзінің жеке бизнес ашуына да көптеген жолдар ашады.

Дәріс барысында студенттер жұмысқа тұрар кезде бизнес жүргізуге талап етілетін логистика, сараптау, келіссөздер жүргізу секілді қабілеттерге ие болу керектігін, ал тіл білген қоғамдағы бәсекелікті көтеруге мүмкіндік беретінін жете түсінді.

Студенттер жұмыс берушілердің дәрістері мен факультетте алынған теориялық білімдерді оқу барысында өтетін практикада бекітеді. Осылайша, қытайтану кафедрасының студенттері тәжірибелі мамандармен танысып, олардан маңызды ақпарат алып қана қоймай, болашақ мансабын жоспарлап, кәсіптік биіктерге жетуді үйрене алады.