14 сәуір күні қытай тілі бойынша «Қытай тілі көпірі» сайысы Алматы жоғары оқу орындары арасында өткізілді:әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
Уақыты: 10: 00-12: 00
Өткізілген орны: Философия және саясаттану Факультеті, мәжіліс залы
1-ші турда студенттер қытай тілінде өздерін және өздерінің шығармаларын таныстырды, содан кейін жюридің сұрақтарына жауап берді.
2-ші турда қатысушылар қытайлық мәдениет туралы білімдерін және өнерлерін көрсетті: ән, би, сахналық қойылымдар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының келесі студенттері жеңімпаз атанды:
1 орын - Онланова Жанель (2 курс)
3 орын - Умурзакова Ляззат, Бурхан Баян, Азбаева Арай (4 курс)
1-ші турда Онланова Жанел 哈中关系桥梁 (Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардын көпірі) атты эссе ұсынды, 2-ші турда, ол 相声 (дәстүрлі қытай комедиялық ауызекі орындау жанры) мини-спектаклді орындады.
Конкурста 1-ші орын алған 2-курс студенті Қытайдағы кез-келген университетте бір жылдық грант ұтып алды.
Конкурстың жеңімпазы, аударма ісі мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенті Онланова Жанел 24-25.04.2018 Қарағанды қаласында өтетін республикалық деңгейдегі олимпиаданың финалына қатысады.