Алматыдағы Кореяның ұлттық туристік ұйымының өкілдігі «Біздің Оңтүстік Кореяға тамаша сапарымыздың жоспары» байқауын жариялады. Конкурстың мақсаты – Кореяға тамаша саяхаттың жоспарын құрастыру.
Қиыр Шығыс кафедрасы Корейтану бөлімінің 3-курс студенттері Ахан Мира мен Улан Роза іріктеу айналымынан өтті. Конкурстың финалы 2018 жылдың 14 сәуірінде Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) өткізілді. Онда олар Алматы қаласының 10 командасы арасында екінші орынға ие болды. Жұмысты бағалаудың негізгі критерийлері идеяның түпнұсқалығы және сценарийдің тұтастығы болды.
Бұндай жарыстар бірінші рет ұйымдастырылуда. Алматыдағы Корей ұлттық туристік ұйымының өкілдігі Қиыр Шығыс кафедрасының тұрақты серіктесі болып табылады. Сонымен қатар, корей бөлімінің түлектері осы ұйымның қызметкерлері болып табылады және туризм саласында Корея мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамытуға лайықты үлес қосады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!