Профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, Қытайдың Орталық Азия Құбыр компаниясының (中亚管道公司) ұсыны бойынша, Қытай Мұнай университетінің (石油大学) Алматыдағы өкілі Маулина Нұрланқызының шақыруымен 2018 жылы 4 тамыз (сенбі) күні сағат 10:00-13:00 аралығында, аталмыш компанияның Алматыдағы кеңсесінің мәжіліс залында арнайы лекция (қытай тілінде) оқыды. Лекцияның тақырыбы: «Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуы: өзара пайда жеткізу жеңіске бірге жетудің үлгісін көрсетті (1992-2018)» (“哈中关系的发展:互利共赢的典范(1992-2018年)”деп аталды。
Лекция тыңдауға Қытайдың Алматыдағы мұнай корпарациясының басқарма бастығынан жоғары басшыларынан 40-тан аса адам келді. Лекцияны Корпарацияның бас директоры Чжон Фан (忠凡) басқарып жүргізді.
Профессор Нәбижан Мұқаметханұлы оқыған лекциясында екі ел қатынастарының дамуын төрт кезеңге бөліп, әрбір кезеңдегі екі елдің дипломатиялық саясаттары және өзара ынтымақтастығының даму ерекшеліктерін пайымдады, сондай-ақ Қазақ-Қытай қатынастарының даму болашағына болжам жасап, қазіргі таңда сақталып отырған мәселелерді де атап өтті.
Қытай Мұнай университетінің бас директоры профессорға болашақта келіп лекция оқып беруіді өтінді.