Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, оқытушылары!

28.09.2018

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұлы үнді саясаткері, ұлт әкесі Махатма Гандидің туылған күніне арналған іс-шараға шақырады. Қазақстандағы Үндістан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Махатма Гандиді еске алуға арналған іс-шара 2018 жылдың 2 қазанында сағ. 09.00-де Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко, Гагарин, Жамбыл және Жароков көшелерінің шаршысында орналасқан шағын саябақта өтеді.

Бағдарламада - Махатма Гандидің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, «Ганди» фильмін көрсету, рухани көсемді еске алу кеші, Үнді тағамдары.