Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының (ҮРҰКК) делегациясымен кездесуге шақырады. Үндітану бөлімі ұйымдастырған іс-шара 2018 жылдың 4 қазанында сағат 09.00-де 5 қабатта, Махатма Ганди атындағы орталықта (503 ауд.) өтеді.
Қысқа бағдарламада - Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының (ҮРҰКК) делегациясымен танысу, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҮРҰКК арасындағы әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы презентация, хинди тілінде ән, өлең, болливуд биі.