2018 жыл қазан айының 4-жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, PhD, сонымен қатар аталмыш университеттің араб бөлімінің түлегі Р.А. Алпысбаевмен кездесу өтті. Кездесуге факультет деканы Ы.М. Палтөре, кафедра меңгерушісі К.Т.Ғабдуллин, магистрант-студенттер және оқытушылар қатысты.
Кездесу барысында Елбасының бағдарламалық мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында жасалып жатқан жобалар талқыланды. Нақтырақ айтсақ ,Р.А. Алпысбаев Алматы облысындағы тарихи ескерткіштер және Жетісу аумағында туризмді дамыту жайында сөз қозғады. Сонымен қатар, араб бөлімінің түлегі Р.А.Алпысбаев «Шығыстану» факультетінің студенттеріне кәсіптік-бағдарлық жұмыстарда көмектесуге уәде берді. Сондай-ақ, оқытушылар Р.А. Алпысбаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларды талқыға салды.
