Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Бірлік – береке бастауы

08.10.2018

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Сомониен» тәжік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары, дипломат Иноятуло Валиев және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірмен кездесу өтті. Кездесу «Бірлік-береке бастауы» тақырыбы бойынша өтті. Кездесуде қонақтар Қазақстан халықтары достастығы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастар туралы әңгіме қозғады. Студенттердің сауалдарына жауап берді. Кездесуде ирантану бөлімі тарапынан Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы келісімге сәйкес студент алмасу бағдарламасына тіл ұстарту тәжірибелерінен өту үшін факультет студенттерін тарту жөнінде ұсыныстар айтылды. Меймандар бұл ұсынысқа түсіністікпен қарап, қолдайтындарын, қолдарынан келген көмектерін жасайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ болашақта Наурыз секілді қос халыққа да ортақ мерекелерді бірлесіп атап өтуге шешім қабылданды.