13 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу" атты байқау өткізілді, онда 4 курс студенттері Абайдың өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде оқыды. «Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті Диханбаева Карина 3 орын алды. Қатысушыларға сертификаттар берілді.