Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Латын әліпбиін қолданудың заманауи мүмкіндіктері

29.10.2018

25.10.2018 күні Түрксой кафедрасында латын графикасын таңбалауды жеңілдетуге арналған жаңа бағдарламаның таныстырылымы болды. Жиынды елімізге танымал академик, математик ғалым Мұхтарбай Өтелбаев ашып берді. Кафедра меңгерушісі, доцент Төрәлі Қыдыр мырза модератор рөлін атқарды. Қаладағы бірнеше ЖОО келген тілші ғалымдар мен ІТ мамандары өз пікірлерін ортаға салды. Жасалған жаңа бағдарлама қазақ тілін жетік білмейтін немесе енді үйреніп жүрген жандарға арналған.

Бұл жаңа бағдарламаға қазақ тілінің ерекшеліктері толық енгізілген, жұмыс барысында жазылған сөздің жұрнақ, жалғаулары автоматты түрде үндестік заңымен дұрыс таңбаланады. Мысалы: kr - қыр (qyr), krleu - кірлеу (kirley), krlau-қырлау (qırlay) және т.б.

Осы бағдарламамен руна, араб графикасын таңбалауды да жеңілдету жоспарлануда. Соңы пікірталасқа жалғасқан отырыс, «Айқын» және «Bilim Times» журналының тілшілері тарапынан да қызығушылық тудырып, жиын аудио-видео таспаға жазылды.