Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында түркітанушы-ғалым Аманқос Мектеп-тегінің «Руника жазуының құпиясы» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырады. Семинар ежелгі түркі-қазақ руханияты мен өркениетіне арналады. Түркітанудың іргетасы – рунология ілімінің жұмбақ болып келген қыр-сыры, оның ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана, рулық таңбалармен байланысы туралы нақты деректер, аңыз-әңгімелер, табу мен тотемнің астарын сипаттап, сөз атауының шығу тегін ғылыми тұрғыда төркіндете таратады.
Өтетін уақыты: 2018 жылдың 10-шы қараша күні сағ. 11.00.-13.00. аралығында.
аталмыш ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРҒА факультетіміздің барша оқытушы-профессорлары, студенттер МЕН магистрант, докторанттар қатысуына болатындығын хабарлаймыз.
Барлық сұрақтар бойынша
ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысымен хабарласуға болады.
Жауапты хатшы: Түрксой кафедрасы доценті Ерғали ЕСБОСЫН (+7 707 911 61 99).