Бестілдік – ұлттық қауіпсіздік кепілдігі
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында. Елбасымыз Н.А.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүгінгі таңда мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтардың маңызды халықаралық орталығы болып табылады» деп атап өткен болатын.
«Осыған байланысты бірлескен өндірістік іс-әрекетті табысты ұйымдастыру үшін коммуникативтік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие болуы тиіс офицерге кәсіби даярлау сапасына қойылатын талаптар ұлғайтылады», - деді Шетел тілдері институтының шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Ж. Бисенбаева. Шет тілін меңгеру - бұл студенттің үнемі өздігінен жетілдірілуін және жеке қызығушылығын талап етеді. Әскери ортада шет тілін үйрену жағдайларды қанағаттандыру үшін шет тілінде алынған дағдыларды қолдану қажеттілігіне көп көңіл бөлінеді. Соның аясында 2018 жылдың 25 қазан күні Құрлық әскерлері Әскери институты Шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Бестілдік – ұлттық қауіпсіздік кепілдігі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Құрлық әскерлері Әскери институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің оқытущылары мен студенттері қатысты.
Сонымен қатар, шараға шығыстану саласындағы жетекші ғалымдар Оразақынқызы Ф., Кансеитова Э., Абдрахманова Г., Алмабекова Ә., түркітанушы Ғ.Сатбек, математика ғылымдарының кандидаты Кокажаева А. қатысты. Дөңгелек үстелдің тақырыбы аясында тың ойлар айтылып, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «қазіргі заман білектілердің емес, білімділердің заманы» деген қанатты сөзбен жас әскерлерді рухтандырып, студенттердің дайындаған концерттік іс-шарасымен аяқталды.
