Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

16.11.2018

Мәртебелі қонақтарды Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре мырза арнайы қабылдап, Шығыстану факультетінің тыныс-тіршілігімен жақыннан таныстырды. Факультеттегі ғылыми орталықтарды, кафедраларды, «Шығыс музейін» аралап көрсетті. Сондай-ақ урду, хинди тілдеріне қарасты кабинеттерді көрумен қатар осы тілдерді үйреніп жатқан студенттермен және факультеттің оқытушы-профессорлары құрамымен кездесіп, «Елші сағатын» өткізді. Кездесу кезінде Орта Азия елдеріндегі саяси жағдайға деген көзқарасын, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы келісім және де екі ел арасындағы келешектегі қызметтестік үрдісі жайлы көзқарасын білуге мүмкіндік алды, Елші студенттердің сұрақтарына жауап беріп, студент жастарды жан-жақты білім алуға шақырды. Келешекте жоғары білікті маман бола алатындықтарына зор сенім білдірді.