Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Ирантанушы және үндітанушы студенттер театрда

29.11.2018

27-қарашада Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану және үндітану бөлімдерінің студенттері М. О. Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театры қойған белгілі жазушы-драматург Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясын тамашалауға барды. Спектакль марқұм жазушының 70-жылдық мерейтойы құрметіне қойылғандықтан, қойылым басталмас бұрын белгілі жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері жазушы туралы естеліктерін айтып, ол кісінің ұлт алдындағы жасаған қызметіне бағаларын берді. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Оразхан Кенебаев. Спектакльге Ш. Жанысбекова, Д. Темірсұлтанова, А. Боранбай, Б.Тұрыс, А. Сейтметов секілді белгілі театр актерлары қатысты.

         Бұл комедияның тақырыбы бүгінгі күн проблемаларын көтерумен бағалы. Мораль, әдеп, адамдық ара-қатынастары қарастырылады. Актерлардың ойыны да шынайы.