Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Шет тілдер апталығының» ашылу салтанаты

04.12.2018

4 желтоқсан, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Шет тілдер апталығының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу кешіне колледж шет тілі пән мұғалімдері мен студенттер белсене қатысты. Кеш қонақтары Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы меңгерушісі Оразақынқызы Фарида, Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс тілдер және аударма кафедрасының аға оқытушысы Қансейтова Элеонора, Қазақстан Құрлық әскерлері әскери институты Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Биссенбаева Жанна Николаевна т.б оқытушылар құрамы және осы аталып өткен жоғары оқу орындарының шет тілін үйреніп жатқан студенттері барып колледж жастарының дайындаған концерттік өнерін тамашалап қайтты. Студенттер өзара достасып, тіл оқудағы, әсіресе, қытай тілін оқудағы тәжірибелерімен бөлісіп, жетістіктерін көрсетті. Студенттер арасында өзара шет тіл деңгейін тексеру мақсатымен ұйымдастырылған ойындарға да белсенді қатысты. Қытай және ағылшын тіліндегі жетік деңгейлерін көрсетіп, әндер шырқалды. Қытайдың мәдени құндылығы болып саналатын у-шу өнерін де тамашалады. Кеш соңында қонақтар алғыс хатпен марапатталып, колледж ұжымына алғыстарын айтты.