Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Жапон бөлімі студенттерінің рекрутинг компаниясының президентімен кездесуі (Жапония, Саппоро): студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету

27.11.2018

2018 жылдың 27 қараша айында, Жапонияның Саппоро қаласында орналасқан жапондық рекрутингтік компания Regions-тің президенті Юкио Такока әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің жапон бөліміне дәріс оқыды. Бұл компания бұрыннан бері кең ауқымды түрлі салаларға қызметкерлерді жұмысқа тартумен айналысып келеді, соның ішінде сату, басқару, өндіру, жоспарлау және дизайн, веб-қызметтер, IT-технологиялар және тағы басқалар. Жылдар бойы жинаған тәжірибесіне сүйене отырып, компанияның өкілі жұмысқа орналасу сұхбатының қазіргі ережелері, жұмысқа өтініш бергенде ескерілетін негізгі мәселелер, түйіндемені дұрыс толтыру және т.б. туралы әңгімеледі. Такаока мырза жұмысқа алушылардың үміткердің мектеп кезінде қандай оқушы болғандығы, қандай үйірмелерге қатысып, қаншалықты белсенді болғандығы, алдына қойған мақсатқа қалай жететіндігі т.б. секілді сұрақтарға қызығушылық танытатындығын ерекше атап өтті. Жапондық маманның айтуынша, мұндай әдіс адамның тапсырманы қалай шешетінін және оның мақсаттарына жету жолын білуге мүмкіндік береді. Адамды қысқа уақыт ішінде тану мүмкін болмағандықтан, ол адамның белгілі бір лауазымға қолайлы ма, жоқ па екенін түсіну үшін оны өткен тәжірибелерден бағалайды. Резюмені толтырған кезде Такаока мырза ресми киім үлгісінде, жинақы шаш үлгісімен суретке түсуге, сонымен қатар, түйіндемені компьютерде теруге кеңес берді. Бұл дәріске 3-ші және 4-ші курс студенттері, сондай-ақ факультеттің оқытушылар құрамы қатысып, кәсіби ақпарат ала алды. Осы дәрісте айтылған кеңестер болашақта жұмысқа тұруға өтініш беру сәтінде студенттер үшін бір кәдеге жарар деп үміттенеміз.