2012 ж. желтоқсанның бірінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп келеді. Президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. Тұңғыш Президент күні әр бір патриот үшін ең маңызды және аса құрметке ие күндердің бірі болып саналады. 2018 ж. 29 қарашада Қиыр Шығыс кафедрасы мен Таяу Шығыс кафедрасы Президент күні мерекесіне орай "Елін сүйген Елбасы" атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы., деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Канафьева Ш., Қиыр Шығыс және Таяу Шығыс кафедраларының 1 курс эдвайзерлері мен студенттері қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы. құттықтау сөз сөйледі. Факультеттің деканы өз сөзінде тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі аса зор екендігін ерекше айтып өтті. Содан кейін 1 курс студенттері концерттік номерларын ұсынды. Студенттер көрермендерді ұлттық билермен қуантып, ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнап өз өнерлерін паш етті. Осындай іс шаралар мемлекеттің дамуында Президент рөлінің аса зор екендігін түсінуге, сонымен қатар студенттің бойында патриоттық сезімді оятады.