Кореядағы Индже университетінің профессоры Кан Шин-Пе және Испанияның Комплутенс университетінің (OSS) профессоры Лопес-Варела Асунсион Азия қоғамдастығының халықаралық бағдарламасына шақыртылытып, Жапониядағы Азиялық қордың қолдауымен 21 желтоқсанда «Біз бірміз» тақырыбымен және 5 желтоқсанда «Азия қоғамдастығындағы мәдениетаралық қарым-қатынас және семиотика» тақырыбында дәрісті Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне оқыды. Профессор Канг Азия - Жапония мен Кореяның қызметіне қатысты және профессор Лопес-Варела Бір Азия жобасын өз университетінің филология факультетінде басқарады. Екі лекцияда практикалық тұрғыда күшті лекциялар болды және студенттерге әлеммен және басқа көзқарастармен танысуға, өзара әрекеттесуге көмектесті.
Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Чан Бенг Сун және Мионг Сун Ок жетекшілігімен қазіргі уақытта Европада 3 университетпен (Испанияда 2, Финляндияда 1), сондай-ақ Қазақстанның 4 университеті де осы халықаралық «Бір Азия» жобасына қосылады. Бұл шаралар Қазақстанның ЖОО-лары мен Еуропа университеттерінің арасында академиялық алмасуды кеңейтеді.