Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Корей әдебиеті бойынша халықаралық конференция

19.12.2018

Корей Республикасының Корейтану академиясының шетелдегі корей әдебиетін зерттеуге бағытталған 3-жылдық жобасының қолдауымен Шығыстану факультетінде "Шетелдегі корей әдебиетінің зерттелуі: мәселелер, тенденциялар және оның келешегі" атты халықаралық конференция өтті.

Бұл конференцияға 4 мемлекеттің (Қазақстан, Қытай, РесейжәнеКореяРеспубликасы) корейтанушығалымдарқатысты.

Жобаның жетекшісі профессор Сафронова Людмила өз сөзінде: "Бұл жоба басталғалы екінші жыл боллып жатыр. Жоба мүшелері үлкен жұмыс атқарып, қойылған мақсаттардың көпшілігі жүзеге асырылды. Жобаның алғашқы жылында 3 кітап басып шығарылып, қазіргі кезде осы жобаның аясындағы екі дипломдық бағдармала бойынша екі магистрант Кореяда магистратурада оқып жатыр. Бұл дегеніміз ҚазҰУ- дың корейтану аясындағы фундаментін нығаюына мысал бола алады. Біз осы шараның арқасында конференция мүшелері пайдалы мәліметтермен бөлісіп, жобаның болашақта нәтижелі аяқталуына көмегі тиеді деп үміттенеміз" деп атап өтті.

"Менің ойымша бұл шара Қазақстандағы корей әдебиетінің дамуы мен корей әдебиетіне байланысты кітаптардың көбеюіне септігін тигізеді. Бүкіл әлемдегі корейтанушы ғалымдардың терең зерттеулері мен түсінігінің арқасында корейтануға деген түсінік академикалық және объективті аспектіде жақсарады деп сенемін. Сонымен қатар осы конференция корей әдебиетін зерттеу жәнебілімберубағытындаинформацияжәнежақсы ойлармен бөлісетін алаңы болуына тілектеспін" дейді Алматы қаласындағы Корей Республикасының консулдігінің вице-консулы Ли Джун Хо.

Аталған іс-шара шетелдегі корейтанудың зерттеулері мен корейтанушы-әдебиетшілердің бір-бірімен тәжірибелері мен білімдерімен бөліскен ерекше алаңға айналды. Қиыр Шығыс кафедрасы