Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Ирантанушы студенттер шәкіртақы алды

21.12.2018

19-желтоқсанда шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігі кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин мырза Қазақстандағы миссиясы мерзімінің аяқталуына байланысты ирантану бөлімінің оқытушылары мен студенттерімен қоштасуға келді. Мәртебелі мейман 3 жыл ішінде болған әріптестік қатынастарға өз ырзашылығын білдірді. Алдағы уақытта да бұл мәдени-ғылыми байланыстардың жалғасын табатынына сенетінін айтты. Факультет деканы Ы.М. Палтөре мырза Масуд Шейх Зейнеддин мырзаға алғыс хатын тапсырып, алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Масуд Шейх Зейнеддин мырза ирантану бөлімінің студенттеріне Иран Ислам Республикасы Саади қоры тарапынан тағайындалған шәкіртақыны тапсырып, студенттерге қиындықтарға мойымай, ғылым мен білімінің биігінен көрінулеріне кеңес берді.