Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ем Наталья Қазақстан корейлер Ассоциациясы Президиумының мүшесі ретінде «Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect» форумына қатысып, Хангук шет тілдер университетінде көпшілік алдында Орталық Азия зерттеулері Институтының студенттері үшін дәріс оқыды.
Қазақстандағы корейтануды тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Германның ғылыми мектебі арқылы таныстырды. Бұл ғылыми мектептің зерттеулері Қазақстандағы корей диаспорасын зерттеу арқылы диаспорология бағытында танымал. Соңғы жылдары Корея Республикасына ТМД елдерінен келген корей халқының саны күн сайын артып, 80 мыңға дейін жетті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлары Қазақстан корейлер Ассоциациясының президенті Сергей Огаймен бірлесіп осы оқиғаларға баға берді. Аталмыш форум Хангук шет тілдер университетінің Орталық Азия зерттеу Институтының директоры Сон Енг Хун профессордың барқаруымен ұйымдастырылған. Сонымен қатар, форумға көптеген ғалымдар, дипломаттар мен қоғам қайреткерлері қатысты. Корея мен Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары да аталмыш форум туралы баяндады.
Хангук шет тілдер университетіндегі екі сағаттық дәріс өте қызықты өтті. «Әлеуметтік саты механизмі ретіндегі қазақстандық корейлердің этникалық ынтымақтастығы» тақырыбында өткен дәріске 50-ден астам студент қатысып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратура мен докторантура бағдарламалары жөнінде де көп ақпаратпен таныс болды.



