Философия және саясаттану факультеті және университеттік тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен дәстүрлі қыстық семинар - тренинг болып өтті.
Семинар - тренингте топ ішілік шағын топтарды анықтауда социометрия әдісін тиімді пайдалану жолдары қарастырылды. Аталмыш семинарда жаңашыл әдіс-тәсілдермен бөлісіп, оқытушылар қауымының деңгейі мен зейінінің жаңаруына философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменты кафедрасының доценті Ұ.Б. Төлешова өз үлесін қосты. Қытайтану кафедраның оқытушылары Кунбай Ж. және Асыл М. семинарға қатысты. Куратор-эдвайзерлер қауымы келер жылы да семинарға жаңа көзқараспен келетінін жеткізді.