Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮНДІ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ФЕСТИВАЛІ

31.01.2019

 

2019 жылдың 27-31 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстанда алғаш рет Үндістан Республикасының 70 жылдық және үнді халқының рухани көшбасшысы Махатма Гандидың туылғанына 150 жылдық мерейтойына орай «Үндістан күндері» атты үнді әдебиеті мен мәдениеті фестивалі өтті.

Фестиваль Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әрі ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ритц Карлтон қонақ-үйінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарапынан Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұйымдастыру шараларын атқарды. Қаңтар айының 28 мен 31  аралығында болған фестивальдің негізгі шаралары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Махатма Ганди орталығында өтті.

Фестивальдың алғашқы күндері Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндітану бөлімінің студенттері Үнді әндерінің орындауынан сайысқа қаттыса, келесі күні Үнді мәдениетінің ерекше рәсімі – мехенди, хнамен қолға өрнек салу сайысына белсене қатысты. Елшілік тарапынан мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. 

2019 жылдың 28 қаңтарында  сағат 15.00-16.30 аралығында Махатма Ганди орталығында үнді мәдениеті мен әдебиеті фестивалі аясында хинди тіліндегі поэзия мен Болливуд әндерінің конкурсы өтті. Шығыстану факультетінің үнді бөлімінің студенттері хинди тілінде өлеңдер оқып, Болливуд әндерін сомдады.

2019 жылдың 29 қаңтарында  сағат 15.00-16.30 аралығында Махатма Ганди орталығында үнді мәдениеті мен әдебиеті фестивалі аясында хнамен салу / мехенди конкурсы өтті. Үнді бөлімінің студенттері хнамен сурет салып, өнерлерін көрсетті.

Осы фестиваль аясында 2019 жылдың 30 қаңтары – Махатма Гандиды еске алу күні – оның қанатты сөздеріне арналады. Шығыстану факультеті үнді бөлімінің студенттері Махатма Гандидың қанатты сөздерін оқып, оның жан дүниесіне қандай рух әсер енткендігімен бөлісті. Осы күні ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мутанов қатысты.

Индуизм дініне негізделген философия үнділер үшін қарапайым және түсінікті болды, жүректерге әсер етті. «Әлемді өзгертуді өзіңнен бастау керек», - дейді Махатма Ганди. Оның барша адамзатқа қалдырған ой-толғауларынан үзінділер тыңдаушыларға шабыт берді, олардың жүректерінен терең орын алып, жаңа Үндістанға сенім арттырды.

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.

Бейзорлық – қорқақтықтың еншісі емес, ол әрдайым батырлықты білдіреді.

Егер сен қарсыласыңмен бетпе-бет келсең, оны махаббатпен жең.

Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

Сонымен қатар аталмыш іс-шара барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушылары дайындаған «Гандидің ой-пікірлері мен нақыл сөздері» кітабының тұсаукесері болды. Бұл кітапта Махатма Гандидың қанатты сөздері 3 тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған.

Кофе-брейк барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мутанов пен Үндістан Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі білім және ғылым саласындағы алдағы ынтымақтастық жайлы жоспраларын талқылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мутанов университетте суперкомпьютерлерді іске қосуға, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультетіне үнді студенттерін оқуға шақыруға, сонымен қатар  IT-технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үміт артты.

2019 жылдың 31 қаңтарында сағат 15.00-16.30 аралығында Махатма Ганди орталығында үнді мәдениеті мен әдебиеті фестивалі аясында үнді киімдері конкурсы мен Ракша Бандхан мерекесі өтті. Мереке барлық қатысушылардың топтық биімен аяқталды.

Іс-шараға ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов, Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар, Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдениеті орталығының директоры Санджай Гарг, InCham президенті Тара Чанд Нехра, Үнді классикалық биі орталығының директоры Қайназарова Ақмарал, Шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.