2019 жылдың ақпан айының 22-23 аралығында Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «5В020700-Аударма ісі», «5В021000-Шетел филологиясы» мамандықтары бойынша студенттердің кезекті Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. 2 кезеңнен тұрған олимпиадада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жоғарыда аталған мамандықтар бойынша бақтарын сынап, абыроймен университет атын қорғап шықты. Қытайтану кафедрасының 3 курс студенттері Шарипова Карина мен Есенгелді Динара «Аударма ісі» мамандығы бойынша 2 және 3 орын иеленсе, 4 курс студенті Айтқалиева Асель «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша 3 орынды иеленді. Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алда бағындырар биіктері көп болсын деп тілейміз!