22-23 ақпан күндері Алматы қаласында Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де «5B021000 –Шетел филологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиада жазбаша және ауызша екі кезеңнен тұрды. Іс-шараның мақсаты – тіл мен шеберлік дағдыларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 4, 3 және 2 курс студенттері сынақ тапсырмаларын орындап және эссе жазып бірінші айналымнан сәтті өтті. Екінші кезеңде араб және парсы тілдерінде жобаларын қорғады.
«اللغة العربية من اعنى لغات العالم» тақырыбында зерттеу жобасын өте жақсы қорғаған, әрі Кувейт мемлекетінің 1 жылдық грант иегері 4 курс студенті Айкүміс Тастанбекова жүлделі 2-орынға ие болды, ал 2 курс студенттері Мағазова Мадина және Жолдыбай Нұрайым 3 орынды иеленді.
Парсы тілі бойынша 3 курс студентері Маханбетова Аружан жүлделі 2-орын, Жеңіс Аружан 3-орынды иеленді. Араб тілінен жүлделі орын алған студенттерге Мысыр мәдени орталығының директоры Ранда Махмуд Ризқ ханым сыйлықтар табыс етті.
