Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

КОРЕЙТАНУШЫЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20.03.2019

2019 жылы Қиыр Шығыс кафедрасы корей тілін білу бойынша эссе байқауын өткізді. Конкурсты қаржыландыруды Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы жүзеге асырды. Байқауға алғаш рет корейтану бөлімінің барлық студенттері қатысты. Бас жүлдені жеңіп алу үшін жоғары және төменгі курс студенттері тең дәрежеде күресті. Корейтану бөлімі студенттерінің жалпы контингенті 100-ден астам адамды құрайды, тағы 30-ға жуық студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Оңтүстік Корея университеттерінде тағылымдамадан өтуде. Қазақ ұлттық университеті Корея Республикасының Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 40-тан астам келісімшарттарға қол қойған. Алайда, қазіргі таңда 30-ға жуық университет ынтымақтастықтың анағұрлым белсенді тараптары болып табылады.

Сайысқа қатысушылар корей тілін білу бойынша тестілеумен қатар "ҚазҰУ-дағы менің студенттік өмірім" тақырыбында эссе жазу үшін шетелдік оқытушылар мен Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Алматы корей ағарту орталығының өкілдерінің іріктеу сынынан өтті.

Әрине, жеңіске ең үздіктер жетті!

Бас жүлдені Ұлан Роза (4 курс);

1 орынды Тәжібай Шұғыла (4 курс);

2 орынды Өтеген Гауһар (2 курс);

2 орынды Кайырлиева Гүлімбиби (2 курс);

2 орынды Азаматова Назым (3 курс);

3 орынды Жусупова Сауле (1 курс);

3 орынды Султанова Жасмин (1 курс);

3 орынды Кожахметова Жания (1 курс) жеңіп алып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!