Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН БІРГЕ

26.03.2019

Қиыр Шығыс кафедрасы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Корея Республикасының Бас консулы Kim Heung-soo мырзаны құрметпен қарсы алды.

Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы өткізген биылғы Елші сағаты жылы ниетте өтті. Корейлердің ұлттық киімдерін киген бірінші курс суденттері құрметті қонақты корейше иіліп сәлем беріп, корей дәстүріне сай қарсы алды. Мәртебелі қонақтарға корей тілін жақсы меңгергендерін көрсетіп, Қиыр Шығыс кафедрасының оқу аудиторияларын аралап көрсетіп, таныстырды.

Бас консул студенттер мен кафедра оқытушыларына «Қазақстан мен Корея арасындағы өзара ынтымақтастық» тақырыбында дәріс оқып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар туралы нақты ақпараттарды ұсынды. Жоғары курс студенттері де, төменгі курс студенттері де Бас консулдың дәрісіне үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғантқан мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Kim Heung-soo мырза барлық курс студенттерінің корей тілі деңгейін өте жоғары бағалады.

Жаңадан тағайындалған Бас консул Қиыр Шығыс кафедрасына қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, келешекте де түсіністік пен ынтымақтастықта Бас консулдықтың жұмысын жалғастыратындығына сенім білдірді.