Қиыр Шығыс кафедрасы биылғы көктемде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусында жапонияның 47 студентін қарсы алды. Олардың арасында Токио университетінің, Цукуба университетінің, Токио шет тілдер университетінің, Коучи университетінің жоғары курс студенттері болды.
Киото университетінің түлегі, Қиыр шығыс кафедрасыеың доценті, PhD Ахапов Ерлан Жапониядан келген қонақтар арасында жүргізілген сауалнама бойынша Қазақстан территориясында далалық зерттеулер жүргізуді де қарастыратын, «Аймақтану. Орталық Азия саясаты, экономикасы және мәдениеті» курсының дәріскері ретінде ең мықты, ең жарқын әсер қалдырыпты.
Е.А.Ахапов екі апта бойы жаңа зерттеу әдістерін пайдалана отырып, интербелсенді формада дәріс жапон студенттеріне дәріс оқыды. Студенттерді өзінің ғылыми лабораториясының жұмысымен таныстырып, оларды «Қазақстанның экологиялық мәселелері: Алматы қаласының мысалында» тақырыбындағы бірлескен ғылыми жобаға қатысуға шақырды. Дәріс жоғары деңгейде өтті, студенттер өз университеттерінде осындай семинар өткізуге шешім қабылдады. Дәріс еліміздің мақтанышы Медеу мұзайдынында жалғасты. Жапон студенттері «қазақ тауларының ауасын» сезініп, елдеріне оралды.
Токио университетінің 19 студентін алып келген топ басшысы, профессор Okada Terue өз сөзінде «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы Жапонияда айтып беруге және осы жаққа тағы да келуге жапондық студенттерде зор мүмкіндік пайда болды» деп, өз ойын жеткізді.


