Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Республикалық олимпиада өтті

29.03.2019

2019 жылдың 28-29 наурыз аралығында қытайтану кафедрасы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өткізді.  

 

2019 жылы «5В020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша ұймдастырылған республикалық пәндік олимпиадаға жалпы саны 21 үміткер қатысты. Оның ішінде 3-і Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері, 8-і Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері және 10-ы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері.

 

Олимпиада 2 кезеңде өткізілді. 1 кезеңде студенттер қытай тарихы мен тілі бойынша тест жазып, белгіленген тақырыпта эссе жазды. 2 кезеңге іріктеуден өткен 10 студент Қытай мәдениеті мен тарихына байланысты презентацияларын жюри алдында қытай тілінде қорғады.

 

Қытайтану секциясы бойынша жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің I дәрежедегі дипломымен

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 4 курс студенті Елемесова Дина Болатқызы

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ІІ дәрежедегі дипломымен

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 4 курс студенті Муратова Адия

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ІІ дәрежедегі дипломымен

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Шығыстану факультетінің 3 курс студенті Лукманова Акмарал Мировна 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ІІІ дәрежедегі дипломымен

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 3 курс студенті Цзин Анжелика

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ІІІ дәрежедегі дипломымен

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2 курс студенті Нурсултанова Лаура Саметовна

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ІІІ дәрежедегі дипломымен

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс студенті Абилхайрова Ұлжан Көбейқызы марапатталды.

 

 

Белсенді қатысқаны үшін сертификаттар төмендегі студенттерге берілді :

 

  1. Жазайбек Саида Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті 3курс
  2. Ділтан Мерей Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті 2курс
  3. Мусина Мереке Булаткызы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс 
  4. Аманжолқызы Аружан Абылайхан хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ 3курс