9 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде “Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция 4 секция бойынша жұмыс атқарды.
1 СЕКЦИЯ. Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты.
2 СЕКЦИЯ. Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және Шығыс елдерінің әдебиеті.
3 СЕКЦИЯ. Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы.
4 СЕКЦИЯ. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері.
Секциялардың жұмысы өте сәтті, мәнді болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар арасында қытайтану кафедрасының «Аймақтану» мамандығының 3 курс студенті Болат Сара «Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты» атты 1 секциясынан 2 орынға ие болды, қытайтану кафедрасының «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенті Ділтан Мерей «Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және Шығыс елдерінің әдебиеті» атты 2 секциясынан 2 орынға ие болды, қытайтану кафедрасының «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенті Цзин Анжелика «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы» атты 3 секциясынан 2 орынға ие болды. Сондай-ақ, 2 курс студенті Нурсултанова Лаура, 4 курс студенті Жолдыбай Ляззат, 1 курс магистранты Сисенғали Ақмарал қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

