Қытайтану кафедрасының доценті м.а. Ph.D., Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы 10 наурыз бен 22 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Мордовия Республикасының «Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінде қытай тілі тұралы лекция оқып қайтты. Қытайтану кафедрасының Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетімен тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінің шақыруымен қазіргі кезде қытайтану кафедрасының доцент м.а. Ph.D., Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінің студенттеріне видеолекциялар өткізіп жатыр. Болашақта да қытайтану кафедрасы Ресей Федерациясымен өзара ынтымақтастығын әрі қарай нығайта түседі.


