28-29 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде араб тілінен «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу орындарының 2,3 курс студенттері қатысты.
Араб тілі бойынша комиссия мүшелері келесі оқытушылар болды:
- Ф.ғ.к., доцент Көптілеуова Д.Т.
- PhD, аға оқытушы Тюлегенов Қ.М.
- PhD, аға оқытушы Әбулфутух Ю.Ә. (Каир университеті, Мысыр)
- Оқытушы Муаз Сабри (Иордания университеті, Иордания)
- Оқытушы Жазылханұлы Е.
Олимпиадаға Египет Араб Республикасының мәдени және білім беру орталығы демеуші болды. Орталық атынан PhD, аға оқытушы Әбулфутух Сабри Юнус Әбулфутух сөз сөйледі.
Олимпиада 2 бөлімнен тұрды: тест және араб қоғамының әлеуметтік, мәдени және саяси өмірінің түрлі салаларында тақырыпты араб тілінде таныстыру. Олимпиадаға жалпы саны 10 студент қатысты, олардың 5-і әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен, 2-і Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ден және 3-і Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ден келді.
Олимпиаданың мақсаты - араб тілі мен мәдениетін Қазақстанда таралуына ықпал ету және араб тілі мен мәдениеті туралы білімдерін сынға сала отырып, жүйрігін анықтау.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс студенті Шади Арсен қанжығасына байлады, ал 2-ші орынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыі 2 курс студенті Төлегенова Аяла мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 3 курс студенті Сағындық Айзере лайық деп танылды. 3-ші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті Ізбасаров Саят, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің 3 курс студенті Мамутова Мархаба, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті Баймахан Әсем алды.
