2018 жылдың жазында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Алдабек Н.А. Қытайдың Вухан қаласында өткен «Қазақстан мен Қытай стратегиясы бір белдеу - бір жол» атты халықаралық форумда баяндама жасады. Форумда бір белдеу - бір жолының бастамасы, Қазақстанның ЖЖЭБ жобасындағы рөлі, бастаманың Қазақстан экономикасының секторларына әсері, сондай-ақ бастаманың бөлігі ретінде Қытай мен Қазақстан арасындағы жоспарлар мен жобалар талқыланды.