Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Жаңа оқу жылына барлығымыз бірге!

15.09.2018

Қыркүйек айының 14-күні Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс бөлімінде жыл сайынғы "Сонбе және Хубэ кездесуі"(1-курс студенттерінің жоғарғы курс студенттерімен кездесуі) атты шара өткізілді. Іс-шараға барлық курстың студенттері қатысты. Сонымен қатар осы жолғы іс-шараға Сеул қаласынан арнайы келген 20 адамнан құралған «Life Road Singers» (Тенор, Бейс, Сопрано және т.б) музыкалық топ қатысып, студенттері жаңа оқу жылымен құттықтады. Әрбір курс студенттері музыкалық нөмірлері дайындап(к-поп, би, құттықтау сөздер және т.б), өңірлердегі көрсетті. Соңғы болып корейлік музыкалық топ Life Road Singers» жоғары деңгейде кәбіси түрде өнер көрсетіп, студенттерге жаңа оқу жылына деген серпіліс сыйлады. Осы шара арқасында Қиыр Шығыс бөлімінің студенттері бір-бірлерімен жақын араласып, алдағы уақытта оқуда да, университеттің өмірінде де белсенді ат салысады болып шешті. Барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!