Қыркүйектің 18 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде Кочи Университетінің (Жапония) профессоры Иноуэ мырза Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап таныстыру лекциясын өткізді.
Лекция барысында студенттер Жапония, оның мәдениеті, көрікті жерлері туралы мағлұмат алып, Жапония қалалары және тұрмысымен таныса алды. Сонымен қатар, Иноуэ мырза Жапонияның кейбір климаттық және ландшафтық ерекшеліктері, жапон тағамдары мен тарихи ескерткіштері туралы да көп мағлұмат берді.
Студенттер Жапониядағы ең танымал туристік орындармен танысып, Жапония мен Қазақстандағы білім құрылымын салыстыру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, олар жапон жоғары оқу орындарында студенттер алмасу бағдарламалары арқылы оқу мүмкіндіктері туралы да таныстырылды. Сондай жоғары оқу орындарының бірі, осы жылы болашақ ынтымақтастықты орнату мақсатында келісімге қол қойылған Кочи Университеті.