Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында студенттермен белсенді түрде тәрбие жұмысы жасалады. Кафедра жыл сайын 1 курсты студенттер қатарына қабылдау кешін ұйымдастырады. Бұл іс-шарада Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқытушы-профессорлар құрамы, 1-4 курс студенттері, сонымен қатар ҚазҰУ-де білім алып жатқан жапон студенттері. Осы жылы студенттер саны өткен жылмен салыстырғанда біршама көбірек. Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Ем Наталия Борисовна құттықтау сөз сөйледі. Меңгеруші жапон бөлімінің тарихы, дамуы, жетістіктеріне тоқталып, оқытушыларды таныстырды. Әр курс концерттік номерларын ұсынып, танымдық ойындар өткізді. Сонымен қатар ҚазҰУ-де білім алып жатқан Жапон студенттері сөз сөйледі. Негізгі бөлімнен кейін шетелден орылған жоғарғы курс студенттері өз тәжірибелері, саяхаттары, оқулары жайлы баяндып, кешті өте қызық деңгейде өткізді. 1 курс студенттері жоғарғы курс студенттеріне қызығушылықпен қарап, өздерінің болашақ мақсаттарын алға қойды десек болады.