Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Жапон тілінде сөйлесу клубы

01.10.2018

Әр апта сайын Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде Жапон қорынан келген өкілетті профессор Юми Онишимен «Жапон тілінде сөйлесу клубы» өткізіледі. Бұл клубтың жұмысы студенттердің жапон тілі мен мәдениетін, осы елдің өкілімен тереңірек танысуға бағытталған.
          Клубтың есіктері жапон тілінде еркін сөйлеп, жапон мәдениетінің қыр-сырымен танысқысы келетін әрбір студентке ашық. Сабақ үстінде жаңа лексика мен грамматика өтіп, мәтіндерді оқу шет тілін жан-жақты еркін меңгеруге жеткіліксіз. Сондықтан, өзінің сөйлеу біліктілігін жетілдіргісі келетін студенттерге бұндай шараларға қатысу нағыз олжа болып табылады. Клуб жұмысы барысында
студенттерге тиімді тілдік ортасын жасалып, жапон тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратыны күмәнсіз.