Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Ынтымақтастықты орнатудағы алғашқы қадамдар!

19.11.2018

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Шығыстану Факультетінің Қиыр Шығыс Кафедрасы 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Сонмун Университетінің студенттерімен бірге қысқы мектепті ұйымдастырды.

2018 жылдың қараша айының 3-і мен 18-і аралығында Сонмун Университетінің SunmoonUniversity (Асан қаласы, Корея Республикасы) 13 адамнан тұратын студенттері, сондай-ақ профессор Хо Джун және профессор Юн Тэ Ён студенттердің өзі таңдаған университетке шақырылды.Студенттерге «Аймақтану» курсы: Қазақстан құрамдас бөлігі болып табылатын «Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті»және студенттік коллоквиум өткізу ұсынылды.

Халықаралық қатынастар, халықаралық сауда-экономика кафедрасының корей студенттеріне Хо Джун және Юн ТэЁн профессорлармен бірге Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның саясат, экономика және мәдениет саласы таныстырылды. Сонымен қатар екі жақ ағылшын тілінде студенттік коллоквиум өткізіп, мұнда Қиыр Шығыс кафедрасының студент-қатысушылары ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсете білді. Практикалық сабақтар ғана емес, алыстан келген қонақтарымызға қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды: Оңтүстік Кореядан келген қонақтар Алматы тауларының сұлулығын көріп, тарихи орындарға барды, сонымен қатар Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдерімен кездесті.17 қарашада Шығыстану факультетінің қабырғасында ҚиырШығыс кафедрасының студенттері мен Сонмун университетінің студенттері арасындағы кездесу өтіп, студенттер қажет ақпараттар мен білімімен ғана емес, жалпы академиялық тәжірибелерімен де бөлісіп, университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтты. Біз осындай ынтымақтастық арқылы достық қарым-қатынастарды сақтап және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтынығайтамыз деген сенімдеміз.

Корей студенттері өз еліне оралмас бұрын «Орталық Азияның үздік университетінің кампусы, көркем қала, елдің бай тарихы, талғампаз қазақ тағамы және қазақ халқының қонақжайлығы ұмытылмас әсер қалдырды» деді.