Қиыр Шығыс Кафедрасы 20 жылдан астам уақыт бойы жапон тілі мен мәдениетін бүкіл әлем бойынша насихаттап, халықаралық қатынастарды дамыту да Жапон қорымен тығыз жұмыс істеп келеді.
Жапон қоры 1972 жылы Сыртқы істер министрлігініңқолдауымен арнайы ұйым ретінде құрылды және сол уақыттан бері Жапонияның әлемдік қауымдастық елдерімен өзара іс-қимыл жасайтын мәдени алмасулардың негізі болды.
Жапон қорының жұмысының негізгі бағыттарының бірі жапон тілін үйренушілердің санын арттыру. Бұл аспект ең жауапты және өнімді, өйткені тіл білімі халықтар арасындағы өзара түсіністік үшін көпір болып табылады.
1995 жылдан бастап Жапон қорынан Қиыр Шығыс кафедрасына 10-нан астам жапон тілі мамандары жіберілді. Бұл мамандардың негізгі мақсаты - жергілікті жапон тілінің мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және оқу-әдістемелік құралдардың сапасын жоғарылату, Қазақстандағы мәдени және білім беру қызметін ұйымдастыру. Сонымен қатар, Жапон қоры жапон тілін үйренушілерге көмек ретінде кітаптарды, оқулықтарды, сөздіктерді және аудио-визуалды материалдармен қамтамасыз етіп келеді.1995 жылдан 2019 жыл аралығында ҚазҰУға Жапон қорынан 23 млн.йен көлемінде оқу материалы бөлінді.
Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары жыл сайын Жапония қорының (Урава, Жапония) орталығында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
2013 жылдан бастап, Жапония қорының филиалы Сакура желісінің қолдауымен жапон тілінің оқытушылары Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде кәсіптік бағдар беруде.
Қазіргі уақытта Жапония қорының өкілі, PhD Ониши Юми Жапониядағы жапон тілін және мәдениетін насихаттауға белсенді қолдау көрсетіп келеді. Жапон қорының маманы Ониши Юми ханым 2016 жылдан бастап осы күнге дейін Қиыр Шығыстану кафедрасында жұмыс істейді. Профессор еңбегінің арқасында ҚазҰУ София Университеті (Токио), Бунько Гакуин Университеті (Токио), Кочи Университеті, Кобе Университеті (Кобе) сияқты белгілі Университеттермен келісім-шарт жасай алды.
Жапондық ЖОО-мен келіссөздерге көмек көрсетумен қатар, Ониши Ями ханым жапон мәдени ірі іс-шараларымен қатар Қазақстандағы жапон тілін дамытуды ұйымдастыруда. Студенттерге арнап оригами , шай рәсімі, каллиграфия бойынша жалпы білім беру семинарларын ұйымдастырды . Әр апта Қиыр Шығыс кафедрасының Жапонтану бөлімінде Ониши Юмидің басшылығымен «Жапон тілінің сөйлесу клубы» өтеді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Ониши Юмидің қызметі аяқталады. Жапон қорынан Қазақ Ұлттық Университетіне берілетін соңғы сарапшы.
Осыған орай, 2019 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, Жапония қорының маманы, Ониши Юми ханымға Университеттің Ғылыми кеңесі мүшелерінің қатысуымен алғыс хат табыс етті.