Жапонтану апталығы аясында профессор Иноуэ Кен және Коучи университетінің (Жапония, Токио) студенті Ёщида Щёгомен кездесу өткізілді. Кездесудің басты мәселесі - «Жапониядағы медицина және денсаулық» тақырыбында Коучи университетінің студенті Ёщида Щёгоның дәрісі болды. Дәрісте Жапониядағы денсаулық сақтау жүйесі туралы, жапондықтардың өмір сүру ұзақтығы мен құпиясы, ана мен баланың денсаулығын қорғау туралы айтылған. Дәрістен кейін жапонтану кафедрасының бірінші курс магистранттары Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі туралы әңгімеледі. Одан кейін 3-4 курс студенттері, магистранттар жапондық мамандарға сұрақтар қойып, денсаулық, ұзақ өмір сүру, екі елдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі айырмашылықтар туралы пікір алмасты. Профессордың дәрістеріне студенттер, магистранттар мен докторанттармен қатар кафедра оқытушылары да белсенді қатысты. Тыңдаушыларына арнап профессор Тономура қызықты да танымдық тұрғыдан пайдалы кездесу болды. Кездесудің мазмұны Жапонияның мәдениеті, тарихы, тілі мен діні т.б. негізгі аспектілерді қамтыды. Әңгіме барысында тыңдаушылар профессорға өз сауалдарын қойып, анық әрі нақты жауаптар ала алды. Осындай кездесулер жапон тілін меңгеруге талпынып жүрген әрбір студент үшін ой-өрісін кеңейтуге әрі білімін шыңдауға көмектесетін таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, осы тәрізді іс-шаралар кафедрамыздың Жапон университеттерімен білім және ғылым саласындағы байланыстарын нығайтуына да өз септігін тигізері анық.