Шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Қазіргі Қытайды зерттеу орталығының» директоры Н.Мұқаметханұлының «Қытай мен Орта Азия қатынастары» тақырыбында лекциясы өтті. Дәріс шығыстану факультетінің деканы, PhD докторы Ы.М.Палтөре қолдауымен өткізілді. Негізгі тыңдармандар факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы болды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – факультет ұжымын факультеттің жетекші ғалымдарының еңбектерімен және ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстыру. Бұл бағыттағы шаралар факультеттің дәстүрлі шаралары қатарына қосылады деп күтілуде.