06.10.2019 – 06.22.2019 Қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Н.Б. Сапарбаева Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінде дәріс оқыды (Ресей Федерациясы).
17.06.2014 жылы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен Мордовия мемлекеттік университетінің оқытушыларының қатысуымен «Қытай тілінің шет тілі ретінде даму үдерісі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада Қазақстан мен Ресейдегі қытай тілінің даму үрдістері, сонымен қатар, Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінде қытай тілін оқыту мәселелері талқыланды. Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларын жоғары бағалап, Қаз ҰУ-нің ғылыми зерттеулер мен инновациялар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Т.С. Рамазановқа халықаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат берді.